{metadescription}
Спамға сенуге бола ма?
Спамға сенуге бола ма?

Спамға сенуге бола ма?

Сақ болыңыз, спам! Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік желілерді жалған ақпараттар жайлап алды. Яғни «балалар үйіне көмек керек», «көшелердегі көлік қозғалысы өзгереді» немесе «неміс төбеттері тегін таратылып жатыр» деген сияқты жазбалар қазір қарша борауда. Алайда ұялы телефоныңызға келген кез-келген хабарламаға сенудің қажеті жоқ. Өйткені ол базбіреулердің еріккендегі ермегі немесе халық арасында дүрбелең тудыру үшін әдейі жасаған әрекет болуы мүмкін. Құзырлы органдар да халықты мұндай жел сөзге ермеуге шақырады. Әрі хабарламаны таратқан адам табылса қылмыстық жазаға тартылатынын да...

кертіп отыр.

Спам! Соңғы уақытта санамызға сіңіскен жаңа сөз. Соған қарамастан ол қазір халықты адастырушы үлкен күшке айналды. Себебі, соңғы кездері әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерді жалған ақпарат жайлап алған. Мәселен, өткен аптадан бері ғаламторды «балалар үйіне көмек керек» деген хабар кезіп жүр. Онда Алматыда осыдан тоғыз күн бұрын отқа оранған жетімдер үйінің жұрттың қолдауына мұқтаж екендігі жазылыпты. Осыны естіген халық киім-кешегі мен азық-түлігін арқалап, алапат өрт болған жерге қарай ағылған. Алайда балалар үйінің басшылығы бұл ақапараттың өтірік екенін мәлімдеді.

Айгерім Мақсұтова, Алматы облыстық №1 балалар үйінің қызметкері:

-Шын мәнінде бізге ондай көмек керек емес. Асхана жұмыс істеп тұрды. Сондықтан бізге ешқандай тәтті-дәмді немесе  киім керек емес.

Сондай-ақ, қазір әлеуметтік желілерде неміс төбеттері тегін таратылып жатыр деген қауесет те өріп жүр. Онда әскери бөлімшенің жабылуына байланысты үйретілген иттер сенімді қолға беріледі немесе өлтіріледі делінген. Алайда қаңғып қалған жануарларға қамқорлық қылатын еріктілер бұл мәліметтің де жалған екенін айтады.

Аксинья Маковецкая, Алматы қаласының тұрғыны:

-Осы ақпарат шыққалы бері телефоныма тыным жоқ. Жануарларды қорғайтынымды біліп, таныстарым күні-түні маза берер емес. Әскери бөлімшеге барып, иттерді қамқорлыққа алсаңшы дейді. Алайда әлгі ақпарат өтірік болып шықты. Сондықтан оған сенудің қажеті жоқ.

Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын Ішкі істер министрлігі де растады. Сақшылардың айтуынша дәл осындай спам осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейлік желілерде кең тарапты. Соның дәлме-дәл көшірмесі қазір біздің ақпарат кеңістігімізді жайлай бастаған.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Жуырда уатцап арқылы қызметтік иттерді өлтіру туралы смс хабарлама тараған болатын. Бұл 2010 жылы РФ аумағында тараған спам. Тіпті хабарламадағы телефон нөмірлері мен адам аттары да еш өзгермеген. Аталған хабарламадан алаяқтық сипат байқалмайды. Дегенмен соңғы кездері осындай жалған ақпарат арқылы оңай ақша табуды көздейтіндер көбеюде.    

Өтірікті судай сапыратын спамшылар ескі ақпаратты қайта жаңғыртудан да жалығар емес.

Мәселен, Алматыдағы Сәтбаев және Жандосов көшелеріндегі қозғалыс бағыты өзгереді деген 7 жыл бұрынғы мәлімет қазір қайта тарала бастады. Тіпті тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әр азаматқа 25 мың теңгеден сыйақы беріледі деп жұртты дәмелендіріп қойғандар да бар. Алайда құзырлы органдар халықты мұндай жел сөзге ермеуге шақырады. Өйткені елімізде жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктіргендер жазаға тартылатыны белгілі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.