{metadescription}
Астанада көшелердің жаппай ауысуына қатысты тұрғындар пікір білдірді
Астанада көшелердің жаппай ауысуына қатысты тұрғындар пікір білдірді

Астанада көшелердің жаппай ауысуына қатысты тұрғындар пікір білдірді

Астанада көшелердің атауы жаппай өзгерген бойда тұрғындар үйдің құжаттарын дереу өзгертуге кірісіп кетті. Шенеуніктер құжат ауыстыруда ешқандай проблема болмайды деп сендіріп отыр. Бір қызығы, бас қалада бір тұлғаның есімі бірнеше көшеге қатар берілген. Әбден шатысқан халық енді осыны реттеуді талап етуде. Ал 15 көшенің атын ауыстыруға Елорда әкімдігі 18 миллион бөлген.

Орынбордан астаналықтардың қас қағым сәтте көз жазып қалғанына аптаға жуықтады. Бірақ еліміздің басты даңғылындағы ескі тақтайшаны жаңасына ауыстыру әлі жүріп жатыр.

Орынбормен қоса Есілдің сол жағалуындағы Хусеин-бен-Талал даңғылы – Ұлы дала болып, ал, Еңбекшілер көшесі  - Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталған болатын. Әрі кұр нөмірмен тұрған 10-нан астам көшеге жаңа атау берілген. Сондықтан  жұмысшылар тақтайшаларды ауыстырып жатқанда, осы көшеде тұратын жұрт қарап отырған жоқ. Баспаналарының құжатын қазірден ауыстыруға кіріскен. Олардың басым бөлігі құлаққа сіңіскен Орынбордың елеусіз көшелердің біріне берілгеніне қапалы.

- Орынбор көшесіне адамдар  үйреніп қалды ғой. Меніңше, сол Орынборды  қалдыруға да болар еді. Біздің бірінші еліміздің астанасы.

Ал, әкімдік осы даңғылдардың атауын өзгерту туралы ұсыныс халықтан және түрлі қоғамдық ұйымдардан түскенін айтады. Сондықтан еліміздің бас даңғылын «Мәңгілік ел» деп өзгертіп, атауы жоқ көшелерге тарихи тұлғалардың есімін беру туралы шешім шығыпты. Тіпті, ол үшін қала бюджеті 18 миллион теңгеге шығынданған.

Алма Шоқаева, Астана қаласы Тіл басқармасының бөлім басшысы:

- «Мәңгілік ел» деген біздің ұлттық идея.  Сол жақ жағалаудағы жаңа әкімшілік орталық . Орынбор көшесінде барлық атқарушы органдардың орналасауы да бар.

Оның үстіне сырттан келген қонақтар әуежайдан түсе салысымен, осы Мәңгілік ел көшесімен жүреді.Сондықтан еліміздің бас даңғылы Ұлттық идеяны айқындап тұруы тиіс екен.

-Әрі Астана әкімдігі көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып жатқан қала көшелеріне жаңа атау беріп үлгермей жатқандарын айтып отыр. Яғни, 15 көшеге су жаңа атау берілгенімен, әлі 20 көше нөмірлік белгілермен тұр. Оның үстіне Елордада Панфилов, Шевченко, Жамбыл Жабаев есімдері бірнеше көшеге қатар берілген. Ең әуелі жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі шатаспас үшін бұл даңғылдардың аты да өзгеруі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде