{metadescription}
Министрлікке мінез көрсеткен «Эйр Астанаға» ірі көлемде айыппұл салынды
Министрлікке мінез көрсеткен «Эйр Астанаға» ірі көлемде айыппұл салынды

Министрлікке мінез көрсеткен «Эйр Астанаға» ірі көлемде айыппұл салынды

Министрлікке мінез көрсеткені үшін «Эйр Астана» компаниясына бақандай 6 млн 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Билеттерінің құнын аспандатып жіберген мекеме қымбатшылықтың себебін білуге барған комиссия мүшелеріне мән-жайды түсіндірмей қойғаны былай тұрсын, табалдарығынан да аттатпаған.        

Осыдан кейін «Эйр Астананы» Ұлттық экономика министрлігіндегілер бірден сотқа берді. Сөйтсе, аты дардай әуе компаниясы билет ақысын тексеруге барған мемлекеттік қызметкерлерді кеңсесіне кіргізбей, масқарасын шығарыпты. Компания күзетшілері тіпті комиссия мүшелері көрсеткен төлқұжатқа да мән бермей қойған. Алматының мамандандырылған соты министрліктің шағымын лезде қолдап, «Эйр Астанаға» 6 миллион 700 мың теңге айыппұл салды. Ал жолаушылардың шағымы негізінде барған комиссияның ішке кіре алмауы салдарынан билет құнының не себепті өскені сол күйі анықталмай қалды. Бұған дейін де «Эйр Астанаға» билет құнын төмендету туралы ұсыныс жолданған екен. Алайда, антимонополия комитеті әуе компаниясына ол кезде де айтқанын істете алмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.