{metadescription}
Павлодар облысында газ баллоны жарылып адамдар қаза тапты
Павлодар облысында газ баллоны жарылып адамдар қаза тапты

Павлодар облысында газ баллоны жарылып адамдар қаза тапты

Павлодар облысында жантүршігерлік оқиға! Газ баллоны жарылып, бүтін бір отбасынының шаңырағын ортасына түсірді. Өртенген үйде ерлі-зайыптылар, олардың 10 жасар ұлы мен көршінің бір жасар қызы болған екен. Балалар ауруханаға жетпей жан тапсырса, 47 жастағы үй иесі жан сақтау бөлімінде тілге келместен кетті. Ал денесін 90 пайыз күйік шалған оның әйелі хал үстінде жатыр. 

Мұнда ащы күйіктің иісі әлі де бар. Баллон жарылғанда үйде төрт адам болған. Ерлі-зайыптылар мен олардың 10 жасар ұлы – Никита Сенник, сосын көршісі қарауға қалдырып кеткен кішкентай Ева Кургузкина. Күйік шалғандардың шыңғырған дауысын бірінші боп көшедегілер естіп, дереу жетіпті.       

Виталий Гуров, Шарбақты ауылының тұрғыны: 

-Дүкеннен келе жатыр едім, қарасам, үй өртеніп жатыр. Ащы дауыстар естілді. Бірден жүгіріп бардым. Есік алдында 1 жасар қыз тұрды. Үстінде кіиімі жоқ, күйіп қалған. Көтеріп сыртқа шығардым.

Ауыр жарақаттардан екі бала да ауруханаға жетпей бақилық болды. Үй иесі – Сергей Сенникті де ажалдан арашалау мүмкін болмады. Оның денесі түгелдей күйіп кетіпті. Ал 38 жастағы әйелі Линаны 90 пайыз күйік шалған. Өмірі қыл үстінде тұрған келіншекті аман алып қалуға дәрігерлер барынша тырысып жатыр.  

Қарлығаш Ибрагимова, Шарбақты аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Бар күшімізді салдық, дегенменде 3 адамды құтқару мүмкін болмады. Денелерін қатты күйік шалған. Бастапқыда, шок жағдайында есін жиғанымен, кейін ауыр жарақаттардан көз жұмды. Қазір әйелдің өмірін сақтап қалуға тырысып жатырмыз, бірақ оның да жағдайы аса ауыр.

Ал үш бірдей адамның өліміне себепші баллон газға тіпті қосылмаған болып шықты. Көгілдір отынға толы металл құты пештің қасында қалып қойып, ақыры шыдас бермей жарылған екен.        

Нұртай Есімханов, Шарбақты аудандық ТЖБ бастығы:

-Тергеп тексеріп жатырмыз. Анықтаймыз бәрін.

Шарбақты ауылының тұрғындары қазір жандарын жаппай шүберекке түйіп отыр десе де болады. Өйткені, елді мекен мүлде газдандырылмаған. Сондықтан, жұрттың бәрі өртенген отбасы секілді тек газ баллонын тұтынады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.