{metadescription}
Оңтүстікте ата-аналар өз ақшасына  құлағалы тұрған мектеп жанынан  қосымша ғимарат салуға мәжбүр
Оңтүстікте ата-аналар өз ақшасына  құлағалы тұрған мектеп жанынан  қосымша ғимарат салуға мәжбүр

Оңтүстікте ата-аналар өз ақшасына құлағалы тұрған мектеп жанынан қосымша ғимарат салуға мәжбүр

Оңтүстік Қазақстанда ауылы мектебінің ғимараты апатты жағдайда тұр. Әбден көнерген нысанды жамап шаршаған Фирдоуси елді-мекенінің ұстаздары парталардың да жетіспейтінін айтады. Ал жауапты мекемелер алдағы уақытта жаңа мектеп салу қарастырылады дегеннен әріге бара алар емес.

-Бұл ғимарат 1982 жылы мақташыларға жатақхана ретінде салынған. Бір жылдан соң мұндағы Фирдоуси ауылына мектеп ретінде беріліпті. Содан бері оқу орнына айналған ғимарат тозығы жетіп, үгітіліп барады.

Мақтаарал ауданына қарасты бұл ауылдық мектепті ұстаздардың өздері талайдан бері жөндеп жүр. 2000-шы жылдарың басында бала саны көбейіп, сыныптар жетіспеген соң ата-аналар мен мұғалімдер ақша жинап, мектепке қосымша екі ғимарат салған екен. Қазір ол да тарлық етуде.

Исраил Шадиев, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

-Парта, столдар жетпейді. Төртеу-үшеуден отырады. Қысылып отырады. 45 минутта зорға өтеміз сабақты.  Амал жоқ, өзіміздің орындықтарды береміз.

300 оқушыға арналған мектепте қазір 700 бала оқып жатыр. Оқушылар тым көп болған соң сыныптардың барлығын ортасынан жұқа тақтаймен бөліп қойған. Бір сыныптың даусы екіншісіне естіледі. Өзі жеткіліксіз парталардың хәлі соғыс көргендей күйде. Жұрт болса жаңа мектептің қажеттілігін айтып, атқамінерлерге сан барыпты.

Құрбан Мирзаев,  Фирдоуси ауылының тұрғыны:

-10 жылдан асып жатыр. Бір әкімдер келеді-кетеді. Ойбай қатырамыз, орындаймыз дейді. Өтірікті соғады. Осыны бірінің тура бетіне айтқам.

Енді қайтеміз?

Ал Мақтааралдық шенеуніктер жайбарақат отырғанымыз жоқ деп ақталады. Бірнеше жылдан бері осы мектептің жағдайын жоғарыға айтып жүріп нәтижені енді шығарып жатыр екен. Көнерген мектепті көрген билік өкілдері оны енді ғана апатты деп таныған.

Лесхан Қойлыбаев, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы:

-Апатты деп  рәсімдеп республикалық бюджетке енгіздік. 20117-ші жылы жазда құрылысы басталатын болады.

Шенеуніктің айтуынша, алдағы 2-3 жылда ауылда 600 орындық жаңа мектеп тұрғызылмақ. Бірақ биліктің сөзіне сенуден қалған жұрт мектептің жанынан өздері тағы қосымша құрылыс салуды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 қазан

11 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде