{metadescription}
Назарбаевқа сыйланған отандық сағаттың құны белгілі болды
Назарбаевқа сыйланған отандық сағаттың құны белгілі болды

Назарбаевқа сыйланған отандық сағаттың құны белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев әлемге танымал брендтен бас тартып, қолына отандық сағат тақты. Бүгін Астанада жастар форумына қатысқан президентке сыйлықтың түр-түрі табысталса, ал өзі жиналғандарға табысты болудың жолын үйретті. Еліміздің ең үздік кәсіпкері, ғалымы, дәрігері, өнер иелері, атақты спортшылары мен студенттеріне дәріс оқыған Елбасы оларға Қазақстанның өткені мен бүгінін айта келе, өмірдің мәні неде екенін түсіндірді.

Елбасымен кездесуге барлық облыстан келген мыңға тарта жас тыңғылықты әзірленген. Еліміздің №1-ші адамына деген шексіз махаббатын    жейделеріндегі мына жазудан да анық байқауға болады. 1-ші желтоқсан күнтізбеде қызылмен белгіленсе де, басты мереке иесінің өзі демалған жоқ. Мейрамда дамыл таппаған президент бұл жүздесуді асыға күткен қыз-жігіттерге нағыз шеберлік сағатын өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Тәуелсіздік сарайы - жас қуатқа өте  толы.Бәріміздің қуанышымыз өте шексіз. Жас ұрпақтың қуаты – жас Қазақстанның қуаты. Болашағы деп санаймын. Қатар келген қос мейрамды атап өтпеске болмайды.  Тұңғыш Президент күні қазақ-қазақ болғалы , ел болғалы тойланып жатқан мереке.

Жастардың жалындаған жастық жігері Елбасыға шабыт бергендей. Сондықтан Назарбаев оларға уақытын бос өткізбей, білім алып, жұмыс істеп шамасы келсе, кәсіпкерлікпен айналысуға кеңес берді. Ал жеке ісін бастағандарды мемлекет қаржылай қолдауға дайын. Осы жерде мемлекет басшысы қит етсе, жастарды жамандай жөнелетін бүгінгінің әжелерін қалжыңмен қағытты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді", - деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр.

Бүгін президент жиналғандарға тек әзіл ғана емес, атақты рим императоры Марк Аврелийдің өмір жайлы нақылын да айтып берді.
-Аврелияның мына бір сөзі түсіп отыр. Ол: "10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда жақсы болуға тырыс" дейді. Жақсы сөз"

Оқу оқып жүрген қыз-жігіттерге мемлекет басшысы өз саласында елеулі жетістікке жеткен бизнесмен, кәсіпкер, ғалым, дәрігер, мұғалім мен спортшылардың жетістігінен үлгі алуға кеңес берді. Тіпті Назарбаев суға жүзуден Олимпиада чемпионы Баландиннің табысқа жетуінің сырын ашқаны сол еді, сарай іші тағы күлкіге қарық болды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Я когда спрашивал у твоих знакомых, кое-кто говорил: знаете, Дмитрий побеждает, потому что у него нога - лапа, 50-й размер. Наверное, большая нога. Но это самое главное в плавании?

- "Наверное, нет".

Бүгін басты мереке иесін жастар сыйлыққа көміп бірі кітап, екіншісі дрон сыйлады. Ал 4 жеке компаниясы бар, соның біреуінен  жылына 168 миллион теңге пайда тауып отырған қарағандылық Арман Тосқанбаев Елбасыға өзі құрастырған отандық қол сағатты тарту етті. Құны 350 мың теңгелік сағатты президент сол бойда тағып алды. 

-Швейцар емес, енді өзіміздің сағатты тағатын болдық.  

Енді қымбат бренд сағатынан бас тартатынын айтқан Елбасы,  жиналғандарға сән қумай отандық өнімді пайдалануға кеңес берді.Ал екі сағатқа созылған форумды Қайрат Нұртас бастаған өнер иелері Назарбаевқа арнап шығарған әнімен аяқтады.

Елбасы туралы әнге қосылған жастар форумнан арқаланып шықты. Олардың көңілін қалдырғысы келмеген президентте те, асықпай  суретке түсіп орталарынан біразға дейін кеткен жоқ. Ал Назарбаевтың әр сөзін мұқият тыңдаған қыз-жігіттер өздеріне артылған міндетті орындауға уәде етіп, тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 қазан

11 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде