Қазақ күресі, лаваш, йога және грузиндердің алфавитін ЮНЕСКО қорғайтын болды
Енді бұлар осы ұйымның материалдық емес мәдени мұралар тізімінде.
02.12.2016
Қазақтың күресі - ұлттың тарихымен біте қайнасып, бірге келе жатқан спорт түрі. Материалдық емес құндылықтар тізіміне кірген йога болса, тән мен жанның үйлесімін көздейді. ЮНЕСКО-ны оның пәлсапалық мәні елең еткізген. Сондай-ақ, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан мен Қазақстанда кеңінен таралған қатырма нанды дайындау әдісі де бағаланды. Тек тастан қаланған пеште пісетін лавашты дайындау үшін кемі 3 адам қажет екен. Ал тізімге енген грузин алфавиті ертеден келе жатыр. Және әлі күнге дейін қолданыста. Дүниежүзілік материалдық емес құндылықтар тізімінде 340 элемент бар. Оған негізінен ғасырлар бойы келе жатқан мәдени мұралар мен салт-дәстүрлер кіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!