{metadescription}
Еліміздің ең үздік журналистері марапатталды
Еліміздің ең үздік журналистері марапатталды

Еліміздің ең үздік журналистері марапатталды

Тәуелсіздік тақырыбында тебіреніп, талай сюжет дайындап, мақала жазған бір топ тілші бүгін қомақты сыйлықтар алып, қарық болды. Тұңғыш президент қоры үздіктерге миллион теңгеге дейін сыйақы тағайындаған. 

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

– Бүгін біз бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында өткен «Қазақстан Тәуелсіздігі және ұлт көшбасшысы»  атты ашық шығармашылық конкурсты қорытындылаймыз және жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Тұңғыш Президент қоры мен Елбасы кітапханасы ұйымдастырған конкурсқа жүзден аса журналистер қатысуға ниет білдірген. Солардың ішінен ең үздік телесюжет, радиоматериал, газет пен журналдағы үздік мақала, бас-аяғы 365 материал жолданған екен. Соның ішінен комиссия 4 номинация бойынша 12 қатысушының еңбектерін үздік деп таныды. Оларға, яғни 1-ші орынға миллион, екіншіге мен үшіншіге 500 және 200 мыңнан ақшалай сыйлықтар табысталды.

Айтуар Өтегенов, байқауға қатысушы:

–Мен Маңғыстау аймағының тарихын зерттедім. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының  ішіндегі жеткен табыстарын баяндадым. Елбасының ерен істерін көрсеттім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде