{metadescription}
Ақтөбе жұрты қар үстіне асфальт төсегендердің қылығына таң қалды
Ақтөбе жұрты қар үстіне асфальт төсегендердің қылығына таң қалды

Ақтөбе жұрты қар үстіне асфальт төсегендердің қылығына таң қалды

20 жыл бойы жолы жөнделмеген көшенің тұрғындары енді бұған не қуанарын, не өкінерін білмей отыр. Жол төсеушілер түнде жапалақтап жауып тұрған қарға қарамай жұмыс істепті. Бірақ бұлай төсеген асфальттың ұзаққа бармасы анық.

Ақтөбенің орталығындағы Щевченко көшесінің жолы 20 жылдан бері жөндеу көрмеген. Тұрғындар ала жаздай бітелмеген шұрық-тесік асфальтты бір түнде жаңартады деп мүлдем ойламапты. Ең қызығы жұмысшылардың түн жарымында тығылғандай болып келіп, қар үстіне тас төсегендеріне таң қалып отыр.   

Мұса Байрамов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Қар жауып тұрғанда асфальт төсеп жатқандары қызық. Ақыры не болатынын енді көктемде көреміз. Ми батпаққа айналатын шығар. Қаншама жаңа технологияны пайдаланса да күмәнданып отырмыз.

Әлеуметтік желі арқылы жұрт қыста жол төсегендерді әжуалап жатыр. Сол маңда тұратындар да жұмысшылардың түнделетіп келіп тас төсеген еңбектерінің еш кететініне сенімді. Өйткені, былтыр дәл осы уақыта көрші көшені жаңартқан екен. Бірақ көктемде асфальт қар суы ағып кеткен.

Қасымхан Айтжанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Үкіметіміздің ақшасы далаға кетіп жатыр. Оны қарап жатқан ешкім жоқ. Дендері сау емес.  

Бірақ шенеуніктер қыста салынған жолдың сапасына шаң жуытпай отыр. Асфальт төсерде суық пен ылғалға шыдамды битум пайдаландық деп ақталады.

Руслан Төреғали, Ақтөбе қалалық комуналдық шаруашылық және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары:
-Бұл битумның қоспасы. Асфальт жамылғысы яғни асфальт жамылғысының 30-40 градус көлемінде де салуға болатын присадка болып табылады.

Бұл көшенің жолын жөндеуге қазынадан 30 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктер осы ақшаның желге ұшпайтынын айтып сендіруде. Өйткені, үш жыл ішінде жаңа асфальт жарамсыз болып жатса оны мердігер өз қаражатына қайта жөндеуге тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде