{metadescription}
Өзбекстанда Кәрімовтен кейінгі дәуір басталып, жаңа президент таққа отырды
Өзбекстанда Кәрімовтен кейінгі дәуір басталып, жаңа президент таққа отырды

Өзбекстанда Кәрімовтен кейінгі дәуір басталып, жаңа президент таққа отырды

Өзбекстан халқы жаңа президентін сайлады. Кешегі өткен саяси науқанда 18 миллионға жуық сайлаушы өз таңдауын жасаған. Дауыс санаудың алғашқы қортындысы бойынша Шавкат Мирзиеев көш бастап тұр. Оны сайлаушылардың 90 пайызға жуығы қолдаған екен. 59 жастағы саясаткер енді алдағы бес жылда Орта Азиядағы халқы ең көп елдің тізгінін ұстайтын болады.

Кешелі-бері дауыс санауға кіріскен орталық сайлау комиссиясы бүгін алғашқы қорытындыны жариялады. Нәтижесі көпшілік күткендей. Яғни, үш ай бұрын уақытша президент болып тағайындалған Шавкат Мирзиеевты халықтың 90 пайызға жуығы қолдаған. Ал қалған үш үміткер - Хатамжон Кетмонов, Нариман Омаров пен Сарвар Отамуратовтардың жинаған дауыстары мардымсыз. Орталық сайлау комиссиясы науқанның ың-дыңсыз өткенін мәлімдеуде. Халықтың белсенділігі де жоғары болған. Яғни жаңа президентті сайлауға тұрғындарыдың 87 пайыздан астамы ат салысыпты.

Мутабар Нұрмұхамедова, Ташкент қаласының тұрғыны:

-Бізді енді жаңа өмір күтіп тұр деп сенемін. Жаңа жылдан бастап елде тұрақтылық пен дамудың даңғыл жолы ашылады.

Ал отандық саясаткерлер Өзбекстанның жаңа басшысынан жаңа өзгерістер күтетінін жасырмады. Әсіресе Шавкат Мирзиеев көрші елдермен қарым-қатынасты реттеуі тиіс дейді Досым Сәтпаев. Өйткені Ислам Кәрімовтың тұсында Астана мен Ташкенттің арасы аса бір жақындай қойған жоқ. Сондықтан осы олқылықты шешуге екі ел де мүдделі болуы тиіс дейді саясаттанушы. 

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

-Қазақстан үшін көрші елдегі билік алмасу процессінің тыныш өткені маңызды. Өйткені Өзбекстанда қандайда бір тәртіпсіздік басталса біздің елге де кесірі тиері анық. Сондықтан ресми Астана өзбектердің жаңа басшысына қай жағынан болса да қолдау көрсететін болады.

Осылайша, Өзбекстан тәуелсіздік алғалы бері екінші президентін сайлап отыр. Бұған дейін елді 25 жыл басқарған Ислам Кәрімов қыркүйек айында кенеттен қайтыс болған. Сондықтан билік тізгіні уақытша Шавкат Мирзиеевке өткен еді. Бұған дейін 13 жыл премьер болған 59 жастағы саясаткер енді алдағы бес жылда ел тізгінін ұстайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде