{metadescription}
Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші
Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші

Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші

Сыра мен шарап экрандарға қайта оралмақ. Жаңа жылдан бастап еліміздегі телеарналарда спирттік ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат етілмекші. Бірақ, алкогольдердің бөтелкелері емес, тек логотипі көрсетіледі.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

-Спирттік ішімдіктер туралы жарнама прайм-таймда көрсетілмейді. Түнгі 11-ден таңғы 5-ке дейінгі уақытқа қоямыз. Балаларға көрсетпейміз. Бұл телеарналар үшін қосымша қаржы көзі болады. Осылай отандық өнімді қолдамасақ, бәрібір шетелдік ішімдіктер алға шығып кетуде.

Яғни, Үкімет қаржы дағдарысына байланысты спирттік ішімдіктерді жарнамалауға мәжбүр екен. Өйткені, қазір кәсіпкерлер телеарналарға жарнамаға жылына 36 миллиард теңгеге тапсырыс береді. Бұл қаржы теле-радиолардың шығынын толық жабуға жетпейді. Жалпы, елімізде 12 жыл бұрын сыра, шарап пен темекі сынды денсаулыққа зиян өнімдерді көгілдір экрандарда насихаттауға тыйым салынған болатын. Және биыл шілдеден бастап Қазақстанда қайта тарнсляцияланатын шетелдік телеарналардың да сыраны насихататуына шектеу қойылған-ды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде