Семейде күн күрт жылып, соңы жаңбырға ұласты
Бүгінде жауған нөсерден қала көшелері мұз айдынына айналған. Көктайғақ салдарынан мектеп оқушылары жаппай сабақтан босатылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
05.12.2016
Сондай-ақ, колледждердің 1-2 курс студенттеріне де мерзімсіз демалыс жаряланды. Ал жергілікті комуналдық мекеме қызметкерлері тротуарлар мен күре жолдарға шелекетеп құм сеуіп әлек. Таңғы сағат үштен бастап жұмысқа кірісіп, 165 мың куб құм шашқанымен түгелдей қамтып үлгере алатын емес. Әзірге қаладан қатынайтын тас жолдардаға қойылған шектеу күндіз алынып тасталған. Бірақ, мамандар ақ қар, көк мұзда жұртқа алыс аймаққа шықпауға кеңес беруде.
Дмитрий Аскаров, Семей қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері:
-Қазір жолға шығу өте қауіпті. Сондықтан жұрттан алыс сапарға шықпауды сұраймыз. Тіпті, маңызды болса жеке көліктерін қойып, қоғамдық көліктерге отырғаны дұрыс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!