{metadescription}
Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ індетін жаппай жұқтырған балаларға өз дерттері естіртілмек
Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ індетін жаппай жұқтырған балаларға өз дерттері естіртілмек

Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ індетін жаппай жұқтырған балаларға өз дерттері естіртілмек

Оңтүстік Қазақстанда осыдан 10 жыл бұрын ВИЧ індетін жаппай жұқтырған балаларға өз дерттері туралы ескертілгелі жатыр! Туылғанынан айықпас дертке шалдыққандармен жұмыс жасап жүрген мамандар оларға сырқаты туралы психологиялық соққы алмайтындай етіп естірту керегін алға тартады.

Алды 12 жасқа толып жатқан 100 балаға науқас екенін хабарлаудың уақыты жетіпті. Осыған дейін күнделікті дәрі алып, күн сайын ем қабылдаса да аты жаман індетке шалдыққанын білмеген олар, енді бірнеше жылда жыныстық қатынасқа түсе бастайды екен. Сол кезде өзгелерге де жұқтыруы мүмкін деп қауіптенген дәрігерлер оларға ауру екенін біртіндеп түсіндіру үшін психологтардың көмегі қажет деп отыр. Ал, ол үшін 6 миллион теңге керек. Қазір балалармен жұмыс жасап жатқан қоғамдық бірлестіктің оған қаражаты жоқ. Осыған дейін қаржылай көмек көрсетіп келген халықаралық ұйымдар да бас тартыпты. Ендігі бар үміт Денсаулық сақтау министрлігінде дейді мамандар. Айта кетелік, осыдан 10 жыл бұрын дәрігерлер қателігінен жүзге тарта бала ВИЧ індетін жұқтырған болатын.

Жанетта Жазықбаева, «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық қорының төрайымы:

-Балаларға ауру жұқтырғанын абайлап түсіндіруіміз қажет. Өйткені бұл өте ауыр соққы. Мәселен, кейбірі кездейсоқ біліп қалып жатады. Басқа біреуі індет жұқтырғанын әке-шешесінің ұрысып жатқан кезінде байқаусызда айтқан сөзінен біліп жатады. Мұндайдан кейін бала әлбетте есеңгіреп қалады. Сондықтан, кешеуілдетпей оларға осы жасында түсіндіруіміз қажет. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде