Іздеуде жүрген Аманжан Рысқали ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады
Ағасымен бірге іздеуде жүрген экс-мәжілісменнің видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланып жатыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
05.12.2016
Бейнероликте орындалып жатқан «Шынар-ау» әнінің 2014-ші жылдың аяқ жағында шыққанын ескерсек, бұл бейнеролик былтыр жазда түсірілген болу мүмкін. Осы көңілді отырысқа қатысқан, бірақ өздерін жарияламауды жөн көрген кейбір азаматтардың айтуынша, ролик Атыраудағы жеке тұрғын үйлердің бірінде түсірілген. Экрандағы кіші Рысқалиге қол бұлғаған қонақтардың бұған түк таң қалмағандарына қарағанда, іздеудегі экс-депутат туыстарымен бұрын да осылай тілдесіп жүргенге ұқсайды. Бірақ ешбір құзырлы орган бұл таспаға қатысты түсініктеме беруге құлықсыз. Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжанға және өзге тағы да 11 адамға 4 жыл бұрын іздеу жариялаған болатын. Оларға қылмыстық топ құрып, мемлекеттің 71 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!