{metadescription}
Ақтауда 7 айлық бала ұялы телефонмен ойнап отырып, тоққа түсіп өлді
Ақтауда 7 айлық бала ұялы телефонмен ойнап отырып, тоққа түсіп өлді

Ақтауда 7 айлық бала ұялы телефонмен ойнап отырып, тоққа түсіп өлді

Ақтауда ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды. Нәресте қуат көзіне қосулы смартфонмен тістелеп ойнап жатқанда құрылғыдан тоқ ұрып өлген.  

7 айлық қызын қасына алып жатқан ана ұялы телефонын қуат көзіне қосқан бойда ұйықтап қалған екен. Ал сәби оянғанда смартфонды тістелеп ойнаған. Салдарынан, телефоннан тоқ ұрыпты. Оның жансыз денесін анасы тек таңатқанда байқаған. Дәрігерлер де баланың тоқтан өлгенін растады. Ал қуаттағыштан болған қайғылы жайтты тексеруге кіріскен полицейлер тоқ құралдарына аса сақ болуды ескертуде.

Ардақхан Нәубет, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

-Заряд құрылғысынан қайтыс болды деген ақпарат келіп түсті. Бұл ақпарат жедел тергеу тобы қызметкерлерімен расталды. «Адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды және сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде