Астанада үлескерлер Тайжановтың туыстарының дүние мүлкін тәркілеуді сұрады
Астанада атышулы «Азбука жилья» компаниясының үлескерлері Ерғанат Тайжановтың туыстарының да дүние мүлкін тәркілеуді сұрады. Алданған салымшылардың айтуынша, экс-мәжілісмен компания активтерінің жартысын туыстарының атына жазып тастаған екен.
Автор: Досжан Маратұлы
06.12.2016
Мұрат Қасенов, үлескер:
-Туыстары бар, әйелі бар, әке-шешесі бар солардың атында көп мүлік бар. Сол тәркіленген жоқ. Жауапқа тартылған жоқ. Тайжановтың жақын туысы бар. Габдуллин деген. Көп мүлік солардың атында.
Жер сипап қалған үлескерлердің бұлай даурығуы бекер емес. Өйткені, 14 миллиард теңгеге бағаланған «Азбука жильяның» активтері 7-і бірдей тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға жетпейді. Салымшылардың сөзінше, ол үшін 20 миллиард теңге қажет екен. Сондықтан үлескерлер экс-мәжілісімен кезінде туыстарына жазған серіктестіктерді мемлекет меншігіне алып, құрылысқа қосымша ақша бөлуін сұрап отыр. Ал жұртқа жайлы баспана уәде етіп, 4 мыңнан астам салымшының 40 миллиард теңгесін қалтаға басқан экс-депутат Ерғанат Тайжанов Австрияда үйқамақта екенін айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!