{metadescription}
Үкімет жүздеген мемлекеттік мекемені сата алмай отыр
Үкімет жүздеген мемлекеттік мекемені сата алмай отыр

Үкімет жүздеген мемлекеттік мекемені сата алмай отыр

Ұлттық  холдингтерге қарасты компаниялар мен коммуналдық нысандарды жұрт жекешелендіріп алуға құлықсыз.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов нарыққа шығарылған 200-ге  жуық мемлекеттік мекеменінің өтпей тұрғанын айтып, премьерге шағымданды. Ал Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы болса, жыл соңына дейін сатылуы тиіс ондаған нысанның әлі құжатын әзірлеп те үлгермеген. Жалпы, екі жылда еліміз бойынша 88 миллиард теңгеге 359 нысан сатылыпты. Олардың басым бөлігі «Самұрық-Қазынаға» тиесілі. Сондай-ақ, Үкімет отырысында балабақшаларды да кәсіпкерлердің  қолына беру мәселесі сөз болды. Білім министрі Ерлан Сағадиев, биыл мектепке дейінгі мекемелердің 50 пайызын жеке бизнесмендерге бердік деп  мақтанып еді. Оған премьердің көңілі толған жоқ. Бақытжан Сағынтаев «мемлекеттік - жеке серіктестік» жобасын, теңін таппаған қызға теңеді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Айтады ғой: қалыңдық ұзатуға дайын, бірақ алатын жігіт жоқ. Көп сөйлейміз, нәтиже жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде