Балқашта тұтқындалған террористік топ мүшелері 14 жылға дейін сотталуы мүмкін
Бүгін Қарағандыда лаңкестік әрекетке дайындалған 8 күдіктінің ісі бойынша өткен жарыссөзде прокурорлар осындай жаза сұрады.
Автор: Саят Сабдалы
06.12.2016
Мемлекеттік айыптаушылар екі лаңкеске 14, қалған 6-ына 10-нан 12 жылға дейін жаза кесу керек деп отыр. 6 күдіктінің жаздым жаңылдым деп, кінәлерін мойныдағаны ескерілмеді. Ал екеуі тағылған айыптармен келіскен жоқ. Енді сот бұл іске алдағы жұмада нүкте қоймақ. Естеріңізге салсақ, 26-шы маусымда арнайы операция кезінде осы лаңкестік топтың бір мүшесі өзін өзі жарып жіберген. Қалған сегізі қолға түсіп, олардан қару жарақ пен қолдан жарылғыш заттар тәркіленген болатын. Олар Балқаштағы ресейлік әскери базасының күлін көкке ұшыруды жоспарлаған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!