Қазақстандағы жалғыз ақ аюдың дертіне ем табылмай тұр
Ауру жануарға арналған мереке! Бүгін еліміздегі жалғыз ақ аюдың туған күні. Осыған орай, Алматы зообағы ауру аңға мейрам ұйымдастырды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
07.12.2016
Онсыз да әрең жүрген жануарды бала-шаға қызықтап әлек. Зообақ қызметкерлері де аюға түрлі тәтті ұсынып мәз. Ал туған күн иесінің өзі 7 ай бұрын анықталған дертінен әлі айықпапты. Естеріңізге салсақ, мамырда аюдың басының іскені, ал тістерінің шірігені анықталған еді. Содан ол әбден қиналған. Жөні түзу ем де көрмегенге ұқсайды. Айта кетсек, ақ аю мұнда небәрі 1 жасында әкелінген екен. 26 жылдан бері осы Алматы зообағында өмір сүріп келеді. Соны алға тартқан бақ қызметкерлері, кәрі жануарды емдеудің қажеті жоқ деп отыр.
Әділ Қанапин, Алматы зообағының бөлім басшысы:
- Жануар қалай қиналып тұр?! Жеп отырған тамағын қараңыз.
- Қалай қиналып тұр? Сіз маған ондай сұрақ қоймаңыз. Жануар ауырып тұрған жоқ. Қазіргі уақытта басындағы ісігіне, одан кейін барып тісінің емделуіне расы керек,жолдарын қарап жатырмыз. Әлі жазылған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!