Индонезияда жойқын зілзаладан 100-ден астам адам қаза тапты
Алғашқы жер сілкінісінің күші 6 жарым балды құрап, одан кейін бірнеше рет тура осындай дүмпулер қайталанған.
Автор: Олжас Байжан
07.12.2016
Зілзаланың ошағы Суматра аралынан 170 шақырым қашықтықта теңіз түбінде тіркеліпті. Ал зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін. Себебі, жер сілкінісінен соң үйлердің басым бөлігі қираған. Оны құтқарушылар толық аршып бітер емес. Айта кетейік, тура осы аймақта 12 жыл бұрын да қатты жер сілкінісі болып, артынан цунами жүрген. Ол кезде Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің бірқатары зардап шегіп, мыңдаған адам көз жұмған. Бұл жолы цунами қаупі туралы айтылып жатқан жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!