{metadescription}
Сирия әскері Алеппо қаласын өз бақылауына алды
Сирия әскері Алеппо қаласын өз бақылауына алды

Сирия әскері Алеппо қаласын өз бақылауына алды

Сирия әскері Ресей әуе күштерінің көмегімен Алеппо қаласын өз бақылауына алды. Дегенмен, бүлікшілердің бір бөлігі шығыс аудандарға қарай ойысқан көрінеді. Соңғы екі аптада үкімет әскері содырлар басып алған аумақтың үштен екісін қайтарып алған.

Қазіргі таңда мұздай қаруланған оппозиция мен басқа да радикалды топтар бар-жоғы 10 шаршы шақырымды құрайтын 5 ауданда үстемдік орнатып отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, олар алдағы күндері көршілес Идлиб провинциясына шегінуі мүмкін. Бірақ «әл-Арабия» телеарнасының эфирінде оппозициялық күштердің ұлттық коалициясының басшысы жауынгерлердің қаладан кетпейтінін мәлімдеді. Олар жақын күндері қайтадан қарсылық танытпақ. Алеппода 2012 жылдан бері үкімет қарсыластары билік жүргізіп келеді. Егер Сирия президенті Башар Асад қаланы толық қайтарған жағдайда, бұл оның ең басты жеңісі болмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде