{metadescription}
Қашағанды ресми түрде іске қосқан  Назарбаев өткенді еске  алды
Қашағанды ресми түрде іске қосқан  Назарбаев өткенді еске  алды

Қашағанды ресми түрде іске қосқан Назарбаев өткенді еске алды

Қашағанның тұсауы бүгін ресми түрде кесілді. Елде ғана емес, әлемдегі ең ірі мұнай кен орнының ашылу салтанатына қатысу үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға арнайы барды.

Елбасы телекөпір арқылы Қашаған мен Болашақ зауытының және Каспий Құбыр Консорциумы мен Қазтрансойл секілді мұнай алпауыттарына қарасты нысандардың бірінен соң бірін іске қосылу барысын бақылады. «Ғасыр жобасы» атанған Қашаған кен орнынан мұнай игеру 2013-ші жылдың күзінде басталған болатын. Бірақ, арада ай өтпей жатып, құбырларда ақау болуы себепті, мұнай өндіру уақытша тоқтатылған. Енді, арада 3 жыл өткенде қара алтын қайта өндіріле бастады. Қазір аталған кен орнынан тәулігіне 75 мың баррельден мұнай өндіріліп жатыр. Ал оны жыл соңына дейін 180 мың баррельге жеткізу жоспарланған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Соңғы 50 жылда дүниежүзілік энергетиканың ең елеулі оқиғасы болып саналды. Сол оқиғаны мен жариялау үшін келіп отырмын осында. Мұның геологиялық мұнай қорын  2001 жылы аштым бірінші рет.  Винтильді  бұраған кезде 4,5-5,5 млрд-қа дейін ішінде мұнай-газы бар деп айтылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде