{metadescription}
ЭКСПО аумағындағы көпірдің қирауына жобалаушылар кінәлі болып шықты
ЭКСПО аумағындағы көпірдің қирауына жобалаушылар кінәлі болып шықты

ЭКСПО аумағындағы көпірдің қирауына жобалаушылар кінәлі болып шықты

ЭКСПО-дағы апаттың нақты себебі анықталды. Екі павильонды жалғап тұруы тиіс көпірдің опырылып түсуіне жобалау кезінде кеткен қателік себеп болыпты. Бүгін басы даудан арылмаған ұлттық компания төтенше жағдайға байланысты құрылған комиссияның осындай қорытындысын жария етті. Енді нысанның конструкциясын жасағанда өрескел қателік жіберген компания құрылыс нарығынан мүлдем қуылуы мүмкін. Ал көпірді салып жатқан «Bi Group» сүттен ақ, судан таза боп шықты.

3 апта бұрын ЭКСПО аумағында болған апаттан қазір бір белгі жоқ. Опырылып түскен нысанның кем-кетігі дереу бітеліпті. Бірақ, жасырып жапқанымен түзейтін олқылық әлі де жетерлік. Ал ұзақ үнсіздіктен кейін ұлттық компания кінәліні ақыры тауыпты. Қирандыны бөліктерін  сараптамаға жіберген олар көпірдің қирауын құрылысшылардан емес, жобалаушылардан көріп отыр.

Сергей Куянов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментiнiң директоры:

-Сараптама жүргізгенде, металдың химиялық құрамынан бастап барлығын тексердік. Қорытындыға сәйкес, апатқа жобалау кезінде кеткен шикілік себеп. Яғни, құлаған көпірдің металл конструкциясын құрастыру кезінде өрескел қателік кеткен.

Опырылған көпір ең ұзыны болыпты. Сондықтан осы нысанның конструкциясын жасау кезінде оның ұзындығын ескеріп, жеңіл металды пайдалану керек болған екен. Бірақ, жобаны қате сызған «ЭМК» компанияның салғырттығынан салмағы 320 тонналық 70 метрлік көпір шыдас бермей құлаған. Осы оқиғадан кейін ұлттық компанияға көрмеге қатысушы елдердің алдында ақталып, болған жайтты түсіндіруіне тура келіпті.

Илья Оразақов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ департамент директоры:

-Біз қонақтарға жайлы жағдай жасап қана қоймай, ЭКСПО аумағында қауіпсіздікті сақтауға аса мән береміз. Осыны қатысушы елдерге түсіндіріп, алаңдамауға кеңес бердік. Құрылыстың әлі жүріп жатқанын айттық. Барлығы түсіністікпен қарады деп ойлаймын. 

Тек бұл ғана емес, апаттан кейін сақтық үшін өзге көпірлерге тіреуіштер қойылыпты. Сөйтіп, Ұлттық компания оқыс жағдайдың алдын алып жатыр. Әзірге тек дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Сараптама жүріп жатыр. Сол аяқталған бойда, қорытындыға сәйкес әрекет етеміз. Бұл істі қатаң бақылауда ұстап отырмыз.

Енді қираған көпірдің жобасын сызған «ЭМК» мен оны тұрғызып жатқан «Bi Group»  нысанды  өз ақшасына қайта жөндеп жатыр.

Жобаны қате сызып масқара болған «ЭМК» компаниясы енді біржола  лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бір қызығы, көпірді салып жатқан мақтаулы «Bi Group»-тың апатқа еш қатысы жоқ болып шықты. ЭКСПО басшыларының оларға қояр кінәсі де, жоқ. Тек қираған  нысанды қалпына келтіруге міндеттелді. Ал төтенше оқиғадан сабақ алса керек, шуы көп құрылысты мемлекеттік комиссия мұқият тексеріп қабылдап алмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде