{metadescription}
Эксклюзивті кадрлар: Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар  қылмыс әлемінің  атышулы серкесі басқарған
Эксклюзивті кадрлар: Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар  қылмыс әлемінің  атышулы серкесі басқарған

Эксклюзивті кадрлар: Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған

Ақтөбе жұрты бүгін тағы да дүрлігіп қалды. Таң атысымен қару асынған арнайы жасақ қала шетіндегі мұнай өңдейтін зауытты қоршауға алған. Аймақта қара алтын ұрлаумен айналысып жүрген қылмыстық топтың мүшелерін осында қолға түсіріпті. Оларды ұстау үшін тәртіп сақшыларынан бастап, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы күрес бюросының өкілдері де тартылыпты. Белгілі болғандай, күдіктілер радикалды салафизм ағымын қолдаушылар екен. Қара алтынды заңсыз саудалап, қыруар қаржымен қалта қампайтқандардың лаңкестік пиғылдағы топтармен байланысы бары да анықталған.

-Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауыты қала шетінде орналасқан. Қазір мұнда ешкімді сырттан кіргізбейді, ал жұмысшылары мен қызметкерлері қамауда отыр.

Мұндағылар таң атысымен қару асынған сақшылардың сау ете қаларын күтпегендей. Себебі көріп тұрғандарыңыздай зауытқа мұнай әкелген ондаған көлік қақпа алдында иріліп тұр.

-Өңдеуге бензин әкелген едім. Содан тұрмыз.

Ал кәсіпорын айналасын ішкі әскердің сарбаздары қоршауға алды. Өйткені ұрланған қара алтынды қылмыстық топ осында тапсырып келген екен. Жеткізушілердің бірін Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері осы кәсіпорынға келер жолда ұстапты. Ал қарақшылық жолмен алынған қара алтынды сатуға делдалдық еткен тағы бір тұрғын өз пәтерінен тұтқынға алынған. Өзін Досупов деп таныстырған одан мұнайға қатысты құжаттар тәркіленді.  

Құзырлы органдар мұнай ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты ұстау үшін операцияны бірнеше ай бойы жоспарлапты. Өйткені мүшелерінің көптігінен және еліміздің түкпір-түкпірінде тұратындығынан біраз қиындық туындаған. Сондықтан тек Ақтөбеде ғана емес, Қандыағаш қаласындағы мұнай өңдейтін «Вернал Ойл» зауыты да қоршауға алынды. Онда да қылмыскерлер ұрланған қара алтынды өткізетін өз желілерін құрып алған екен. Олардың барлығын Еркін Ізбасаров Алматыда отырып басқарыпты. 50 жастағы бұл азамат қылмыс әлемінде «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал топтың серкесі. Арбаға таңылса да, еліміздегі мұнай ұрлығын бақылап, оны қайда өткізіп, ақшасын қайда жіберуді бұйырып отырғансол дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер. Ол да бүгін Алматыда оққағары мен көлік жүргізушімен бірге көше бойында көлігімен кетіп бара жатқан жерінен ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметтерге қарағанда қылмыстық топтың мүшелері радикалды салафиттерді қолдаушылар екен. Осындай лаңкестік пиғылдағы топтар мұнай ұрлығымен жүйелі тұрде айналысып, табысты кәсіптен тапқан ақшасына қару-жарақ сатып алып отырған. Әзірге қылмыстық топтың құрамында қанша адамның болғанын және қаншасының ұсталғанын құзырлы органдар ашып айтпай отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде