{metadescription}
Шымкентте газ боллоны жарылып екі бірдей отбасы далада қалды
Шымкентте газ боллоны жарылып екі бірдей отбасы далада қалды

Шымкентте газ боллоны жарылып екі бірдей отбасы далада қалды

Ал Шымкентте жер үйде газ жарылды. Оқыс оқиға салдыран баспана жарамсыз күйге түсіп, екі бірдей отбасы далада қалды. Қайта тұрғындары дін-аман.

-Шәй ішіп жатқанбыз. Шәй ішіп жатқан кезде мына көршілер жақтан бері қарай атылыс сияқты болды.

Жарылыс болған сәтте ғимаратта 7 адам болған екен. Құтқарушы, дәрігерлер мен полицейі бар жалпы 24 қызметкер зардап шеккендердің қолдануға жарамды жиһаз-мүліктерін қауіпсіз жерге шығарып берген. Әзірге олар туыстарының үйінде тұрып жатыр. Зардап шеккендерге өтемақы мен мемлекет есебінен баспана берілмейтінін кесіп айтқан шенеуніктер демеушілер есебінен көмектесуді жоспарлап отыр. Ал оқыс оқиға үшін олар қауіпсіздік шараларын сақтамаған тұрғындарды кінәлады. Апаттың мән-жайын тексеріп жатқан мамандар пікірі де осыған саяды.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

-Үй ескі болғандықтан зақымданған. Қазіргі таңда бұл үйде жалпы тұруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан екі үйдің тұрғындары өз туыстарына жеткізілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде