Өскеменде тілсіз жау үш адамның өмірін жалмады
Өскеменде тілсіз жау үш адамның өмірін жалмады. Оның бірі 7 жасар қыз екен. Түн қараңғысында өртенген жер үйден құтқарушылар тек бір әйелді алып шықты. Оның өзі ауыр хәлде жатыр. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер оттың екі жерден тұтанғанын байқаған. Бірі дәлізі, екіншісі түкпіргі бөлмесінен будақтап түтін шығып жатыр екен. Тез тараған қызыл жалын лезде бүкіл үйді шарпып үлгеріпті. Тілсіз жаудың кесірінен екі ер адам мен 7 жасар қыз қаза тапқан. Ал құтқарылған әйел сол қыздың 32 жастағы анасы екен. Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер тексерілуде.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.12.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары