Қарағанды облысында ақтүтек боран жүргізушілерді әлекке салды
Еліміздің орталық өңірі ақтүтек бораннан көз аша алмай отыр. Таңға жуық күшіне мінген жел ұйытқыған боранға ұласып, қарға адым жерді көру қиындады. Кешегі жылымықта жіпсіген жолдар да көктайғаққа айналған.
Автор: Саят Сабдалы
09.12.2016
Соның салдарынан бүгін Қарағандыдан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды. Қалың көлік нөпірі қаладан шыға берістегі бекеттерде ұзын-сонар кептелісте тұр. Түс ауа жел саябырсыған соң, жиналып қалған көліктер біртіндеп жіберіле бастады. Дегенмен кеш қарая мемлекеттік маңызы бар және бірнеше ауданға қатынайтын тас жолдар қайта жабылды. Өйткені төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа-райында түн мезгілінде жол жүру қаупінің күшейетінін ескердік дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!