{metadescription}
«Самұрық-Қазына» қорына қарасты кәсіпорындар инновацияға баса мән беруде
«Самұрық-Қазына» қорына қарасты кәсіпорындар инновацияға баса мән беруде

«Самұрық-Қазына» қорына қарасты кәсіпорындар инновацияға баса мән беруде

Осындай бірнеше мекемеге пресс-тур ұйымдастырған қор өкілдері журналистерді маңдайалды кәсіпорындардың жұмысымен және ерекшелігімен таныстырды.

Солардың бірі – Қазпошта! Қазір аталған мекеменің Атыраудағы бас кеңсесі, одан өзге қаладағы тағы да 3 бөлімшесі мен 4 аудандағы ғимараты заман талабына сай модернизацияланып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар аяқталған соң, тұтынушылар үшін «Қазпоштамен» жұмыс істеу әлдеқайда жеңілдей түспек. Өйткені елге қызмет көрсету форматы мүлдем өзгеріп, клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында, сәлемдемелерге арналған супермаркет ашылғалы жатыр. Жаңарған «Қазпоштаның» қызығын атыраулықтар жаңа жылдан бастап көретін болады. Бұдан кейін тілшілерге «Полимер Продакшн» серіктестігінің жұмысы таныстырылды. Мұнда полипропилен пленканың өндірісі жолға қойылған. Былтыр іске қосылған бұл кәсіпорында қазір 200-дің үстінде адам жұмыс істейді. Ал 2017 жылы зауыт өзінің толық жобалық қуаттылығына шыққан соң олардың саны 400-ге жуықтамақ.

Жанар Рысқалиева, «Полимер Продакшн» ЖШС атқарушы директоры:

-Зауытта өнімнің 3 түрі шығарылады. Ол биаксиалдык бағытталган полипропилен пленка, шамамен 11000 тонна, полипропилен қаптар 48 млн данаға дейін және полиэтилен пленка 4 125 мың тоннаға дейін. Өнім үшін негізгі шикізат полипропилен және полиэтилен шетелден жеткізіледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде