Үндістанда алапат дауылдан елдің оңтүстік-шығысы зардап шегуде
«Варда» деп аталатын тропикалық циклон ірі жүк көліктерінің өзін аударып тастап, көшелерді су да басып қалған.
Автор: Ербол Сейілхан
13.12.2016
Сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жүйткіп соққан қуатты желден электр желілері мен тұрғын үйлер қирап жатыр. Оған нөсер жауын араласып, көшелерде тасқын болған. Ел билігі апат аймағындағы Ченнай қаласынан ондаған мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ, теңіз әскерін төтенше жағдайға дайындап қойған. Метеорологтар енді дауылдың елдің орталық бөлігіне қарай ойысатынын болжап отыр. Бұл жағдайда желдің күші азайып, қауіп сейіледі екен. Ал мұндай күшті дауыл соңғы рет 1999 жылы болыпты. Ол кезде желдің жылдамдығы сағатына 300 шақырымға дейін жетіп, мыңдаған тұрғын қаза тапқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!