{metadescription}
Алматы облысында гипстан соң көз жұмған азаматтың туыстары оның өліміне  дәрігерлерді кінәлауда
Алматы облысында гипстан соң көз жұмған азаматтың туыстары оның өліміне  дәрігерлерді кінәлауда

Алматы облысында гипстан соң көз жұмған азаматтың туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Қолы сынғаннан  қайтыс болды. Алматы облысында 46 жастағы тұрғын баспалдақтан аяғы тайып құлап, қолы сынған. Онысы гипсталған соң 3 күн бойы сырқырап ауырып, ақыры ажал құшты. Қайғы жұтқан туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Себебі, бірнеше рет қаралуға барғанда, олар тек ауруды басатын дәрі егіп, үйіне қайтарып жібере берген. Сөйтіп науқастың жарасы іріңдеп, отаға жетпей көз жұмған.

Бұл – екі апта бұрын отбасымен сырғанақта ойнап, көңіл көтерген Амантай Шурабаевтың соңғы суреті. Кейін ауласындағы басталдақтан аяғы тайып, қолын сындырыпты. Сынығын орнына салып, гипстағанымен ауырғаны қоймаған соң 3 күн бойы аурухананың табалдырығын тоздырған. Бірақ ондағылар тек дәрі егіп, үйіне қайтарып жіберіпті.

Кәмшат Қожахметова, марқұмның жесірі:

-Ауырсынғаннан  шок алған деп қарап тұр. Қолынан қан мен ірің ағып жатыр. Қолын қайтадан байлап тастады.

Ауырғаны басылмай, бірнеше күн көз ілмеген отағасы ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Бірақ дәрігерлер тым кеш қалыпты. Марқұмның туыстары енді сараптама жасатып, істің ақ-қарасын өздері анықтамақшы.

Азат Дінәлиев, марқұмның туысы:

-Сот медицина сарапшыларының сараптамасын көрсек, қан бармағаннан қарайып, шіріп кеткен деп отыр.  Мына жерден қан мен ірің аға бастаған.

Ал Талғар аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек толық көлемде көрсетілді деп отыр. Олар қолды екі мәрте рентгенге түсіріп, сүйектің дұрыс салынғанына көз жеткізген екен. Енді тіпті, аурудың асқынуына марқұмның жақындарын кінәлауда.

Төлейбай Айнабеков, Талғар аудандық ауруханасының травмотологы:

-Сынған жерде ісік болады, ісік болған жерде қанның айналымы қиындайды. Сынықшыларға барған, гипсын шешкен. Айтуларынша сол кезде  дұрыс салмаған. Біз оның анығын білмейміз.

Артында 4 баласы қалған 46 жастағы Амантай Шурабаевтың өліміне дәрігерлердің кінәсі бар-жоғын енді мамандар анықтауы тиіс. Қара жамылған отбасы Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігіне дейін арыз жолдап қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.