Павлодарда Орталық Азиядағы ең ұзын көпір ашылды
Ертіс өзені үстінен өтетін алып нысан Тәуелсіздік мерекесіне сый ретінде қолданысқа беріліп отыр. Ұзындығы 13 шақырымға жуықтайтын бұл өткелмен облыс аумағы арқылы өтетін көліктердің жолы енді 40 шақырымға қысқармақ.
Автор: Әйгерім Шакаманова
14.12.2016
Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:
- Осы көпірдің салынуына атсалысқан барша құрылысшыларға рахмет айтамын. Бұл көпір көпшіліктің тілеуі. Көптің тілегі бүгін орындалды. Жаңа көпірді ашық деп жариялаймын!
Көпір енді «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің шығыс тармағындағы маңызды бөлігіне айналуы тиіс. Жобаның жалпы құны – 54 млрд теңге. Құрылысына 10 мың тоннадан асатын темір, 150 мың текше метр бетон жұмсалыпты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің екі мыңға жуық маманы жұмыс істеген. Бүгін көпір үстімен алғаш болып отандық автоөндіріс көшбасшыларының темір тұлпарлары жүріп өтті. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» атын иеленген алып нысан арқылы тәулігіне 10 мыңға жуық көлік қатынайды деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!