{metadescription}
0:000:00
Петропавлда есептегіш құрылғы жоқ тұрғындар үшін жылу ақысы 28 пайызға қымбаттайды

Петропавлда есептегіш құрылғы жоқ тұрғындар үшін жылу ақысы 28 пайызға қымбаттайды

Петропавлда жаңа жылдан бастап үйлерінде есептегіш құрылғы жоқ тұрғындар үшін жылу ақысы 28 пайызға қымбаттайды. Егер мұндай құралдың әрбір екінші үйде жоқтығын ескерсек, 2017 жылы қалалықтардың тең жартысы жаңа тариф бойынша ақы төлеуі тиіс. Бірақ бұған қарамастан халық есептегіш орнатуға асығар емес. Өйткені пәтерлеріміз суып кетеді деп алаңдайды. Ал монополистер нормадан артық жылу алып, онысы үшін тарифпен төлейтін тұрғындарды енді осылайша ақшамен жазаламақшы.

Жаңа жылдан бастап жылу ақысын 28 пайызға өсіріп, онысын заңды түрде бекітіп қойған энергетиктер, енді, тауық жылы электр қуатын да қымбаттатамыз деп шешіпті. Осыған қатысты қоғамдық тыңдауға келген белсенділердің әлі жылуға қатысты өкпесі тарқамаса керек, монополистерді өткені үшін  жерден алып жерге салды.

-Есептегіш қоймасақ не болыпты? Зейнетақы аз. Оның үстіне  6 монополист компанияның аранын бітейміз деп шаршадық.

Қазір үйлерінде есептегіш құралы жоқ петропавлдықтар әр шаршы метр үшін 95 теңге төлейді. Жаңа жылдан бастап ол 27 теңгеге қымбаттамақ. Бұл құралды орнату заман талабы екендігін түсінген пәтер иелері кооперативі қауымдастығының басшысы да бұл мәселеде энергетиктерді жақтап отыр.

Сергей Худяков, Петропавл пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының төрағасы:

-Тұрғындар үйлеріне 26-27 градус жылу алып, онысы үшін тарифпен ақша төлегісі  келеді. Ал талап бойынша пәтерлердегі температура 20 градус болуы тиіс. Әрине, егер есептегіш құрал тұрса, олар не жылу бағасына қымбат төлейді, не болмаса үнемдеуге тура келеді. 

Есептегіш құралдың құны 700-900 мың теңге. Оны орнату мен жөндеу де халықтың есебінен жүргізілмекші. Бірақ бастысы, есептегіш құралы бар үйлердің де дені артық ақша төлейді екен. Мамандар бұл жертөлесі мен шатыры жылытылмаған, жылуы далаға кететін ескі үйлер дейді. Ал Петропавлдағы көпқабатты баспаналардың 40 пайызының көне екенін ескерсек, халықтың наразылығы түсінікті де.

Монополистер тұрғындарды есептегіш құрал орнатуға үгіттеу үшін оның құнын 4 жылға бөліп төлеуге де келісіп отыр. Сонда оның бағасы әр пәтер үшін ай сайын шамамен 200-300 теңгеден ғана айналады. Бірақ халық бұған да көнер емес. Жылу ақысы қымбаттайды деп ресми түрде жарияланса да, есептегіш құрал орнатуға әлі бірде бір өтініш түспепті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде