{metadescription}
0:000:00
Алматыда алапат өрт болып ондаған отбасы далада қалды

Алматыда алапат өрт болып ондаған отбасы далада қалды

Газ балоны тағы бір алапат өртке себеп болды! Алматыда жер үйлер қызыл жалынға оранып, 8 отбасы далада қалды. Тілсіз жау тіпті көршілес орналасқан су жаңа үйлер де әпсәтте күлге айналған. Қайта, тұрғындар дер кезінде қашып үлгеріп, ешкім зардап шеккен жоқ.

Жалын Байбесік ықшамауданындағы 8 бөлікке бөлінген мына үйден шыққан. Мұндағылардың барлығы пәтерді жалдап тұратындар. Түн ортасында тұтанған өртке жарылған газ балоны себеп болған деген болжам бар. Қазір құтқарушылар оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр. Ал лезде күш алған жалын 340 шаршы метр аумақты шарпып, тіпті көршілес орналасқан су жаңа 2 үй де күлге айналдырған. Жұрт бұған өрт сөндірушілерді де кінәлады.

Гүлғайша Бодаухан, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бір сағаттың ба ішінде келген. Келгеннің өзінде, біреуінде су бар, біреуінде су жоқ. Көше тар, тұрып қалған. Кесірінен өрт өршіп кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде