{metadescription}
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қашаннан бастап 20 пайызға артатыны белгілі болды
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қашаннан бастап 20 пайызға артатыны белгілі болды

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қашаннан бастап 20 пайызға артатыны белгілі болды

Бүгін Әлеуметтік даму министрі 2017 жылы бұл төлемдердің мөлшері бірден емес, екі кезеңмен өсетінін айтты.

Яғни, жаңа жылдан бастап зейнетақы алдымен 9 пайызға артады. Сөйтіп, орта есеппен 54 мың алып жүрген қарияларға ай сайын 60 мыңнан берілетін болады. Кейін шілде айында тағы 11 пайызға өсіп, орташа зейнетақы 67 мыңға жетпек. Бұдан бөлек, бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы да дәл осылай екі кезеңмен 20 пайызға дейін өсетінін айта кетейік. Ал, қалған жарымжандар мен асыраушысынан айырылғандар және көпбалалы аналардың жәрдемақысы 7 пайызға көбейеді. Мұндай төлемдер үшін алдағы жылы Үкіметтен 90 миллиард теңге бөлінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде