{metadescription}
Ақтөбеде ұялы телефон жарылып, 28 жастағы келіншек күйіп қалды
Ақтөбеде ұялы телефон жарылып, 28 жастағы келіншек күйіп қалды

Ақтөбеде ұялы телефон жарылып, 28 жастағы келіншек күйіп қалды

Ол смартфонын қуат көзіне қойып ұйықтап қалған.

Қызып кеткен байланыс құралы жарылып, денесінің 40 пайызға жуығы күйіп қалыпты. Әсіресе, беті мен кеудесіне қатты зақым келген. Дегенмен, дәрігерлер науқастың беті бері қарағанын айтады. Бірақ шошынып қалғандықтан әзірге жақындарын қасына жолатпай отыр. Айта кетелік, осыдан үш апта бұрын Ақтауда да ұялы телефонның кесерінен жеті айлық бала шетінеп кеткен еді. Ол кезде нәресте қуат көзіне қосулы сматрфонмен тістелеп ойнап жатқанда құрылғыдан тоқ ұрған. Сондықтан мамандар ұйықтар алдында телефонды қауіпсіз жерге қоюға кеңес береді.

Рақымжан Арыстан, Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері:

- Беті, қолы, төсі күйген. Емін алып жатыр. Күйік болғасын ұзақтау жатады. Қанша күн, қанша тәулік болатынын айта алмаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде