Петропавлда хоккей ойнайтын жабық мұз айдынының төбесі опырылып түсті
Құдай сақтап, ешкім зардап шеккен жоқ. Нысанды ашуы тиіс адам аздап кешіккендіктен, оған балалар кіріп үлгермепті.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
20.12.2016
Ғимарат төбесінің қирап түскен кезі бақылау камераларының біріне түсіп қалған. Апат себебі анықталғанша, шенеуніктер шаһардағы дәл осындай екінші нысанның да жұмысын уақытша тоқтатты. Осыдан 2 жыл бұрын салынған мұз айдынының құрылысына 15 миллион теңге жұмсалыпты. Мұндай ғимарат салуға құқығы бар жалғыз мердігер еліміз бойынша осындай 15 корт тұрғызған екен. Қазір апат себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Атқамінерлер мердігер фирманың өкілдерін шаһарға шақыртқан. Олар нысанды толығымен бұзуы не қайта жөндеуі мүмкін.
Валерий Евдокименко, Петропавл қалалық спорт бөлімінің басшысы:
-Айдынды мамандар тазалап, балалардың келуіне дайындап қойған. Мұнда жалға коньки де берілетін. Жұрт кез-келген уақытта келіп тегін сырғанайтын болған. Қазір апат себебі анықталғанша, екінші корттың да жұмысын уақытша тоқтатық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!