Оралда заңсыз шырша сатушыларды жаппай жазалау шарасы басталды
Себебі, жаңа жыл жақындаған сайын қалада қылқан жапырақты ағаш сатушылар көбейген. Алайда барлығының бірдей құжат бола бермейді.
Автор: Диас Нұрақын
21.12.2016
Бұл өңірде шыршаны кесуге тыйым салынған. Сондықтан кәсіпкерлер жаңа жылдың басты символын Ресейден әкеліп жатыр екен. Алайда көпшілігі тауардың фитосанитарлық тексерістен өткенін растайтын құжаттарын көрсете алмады. Ал кейбірі рұқсат етілмеген жерлерде кәсібін дөңгелетуде. Сондықтан сақшылар он түп шыршаны тәркіледі.
Еламан Уәлиев, Орал қалалық табиғат қорғау полициясының бастығы:
-Ел аумағына кіргізілген шыршалардың фитосанитарлық тексерістен өткенін, рұқсат қағаздарының бар-жоғын тексереміз. Осының бәрі анықталғанша тауарды тәркілеуге тиіспіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!