{metadescription}
Балқашта кішкентай қызын сатпақ болған безбүйрек ана жындыханаға жабылды
Балқашта кішкентай қызын сатпақ болған безбүйрек ана жындыханаға жабылды

Балқашта кішкентай қызын сатпақ болған безбүйрек ана жындыханаға жабылды

Балқаш қаласында екі жасар қызын отыз мың теңгеге сатпақ болған 22 жастағы келіншекке қатысты сот қаулысы шықты. Тергеу барысында жүргізілген медициналық сараптама оның ақыл-есінде ауытқушылық барын анықтағандықтан, енді келіншек жындыханаға жабылатын болды.

Мына сәбиді анасының саудаға шығарар алдында екі рет балалар үйіне өткізбек болғаны анықталған. Ақыры маусым айында оны 30  мың теңгеге сатқалы жатқанда полицияның қолына түсті. Қазір екі жастағы қыз жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Анасына жүргізілген тексеріс кезінде оның өз іс-қимылы үшін жауап бермейтінін дәрігерлер растаған. Енді 22 жастағы Қарлығаш Әбдірахманова сот қаулысымен психоневрологиялық ауруханада мәжбүрлі түрде ем қабылдауы тиіс. Ал кішкентай Гүлімді оның анасының туғандары балалар үйінен алып кету үшін құжаттар жинап жатыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.