Шымкентте май шығаратын зауыт ішінде жарылыс болды
Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауыр хәлде ауруханаға түсті. Апат кешкі сағат 8-дер шамасында қала сыртындағы индустриалдық аймақта болған.
Автор: Бек Әбиев
21.12.2016
Зауыт өнімін әкетуге келген КамАЗ жүргізушісі әдеттегідей жағар майды құйдырып жатқан кезде тарс еткен дыбыс шығыпты. Артынша жүк көлігі отқа оранған. Бұл кезде көлік маңында 25, 31 жастағы жұмысшылар мен КамАЗ-дың 49 жастағы жүргізушісі болыпты. Жарылыс салдарынан 25 жастағы жігіт сол жерде жантәсілім етсе, қалған екеуі ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ал жарылыстың неден шыққанын мамандар анықтауда.
Икрам Төлеев, Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы бас дәрігерінің орынбасары:
-Біреуінің денесі 95 пайызға жуық күйген, екіншісінің денесі 35 пайызға дейін күйген.Бет-тері жамылғылары көп күйген. 95 пайыз күйік алғанның жағдайы өте ауыр. Артериялық қысымын дәрінің көмегімен ұстап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!