{metadescription}
Әріптесін сабаған Мұхтар Тінекеев депутаттық  мандатынан айрылуы мүмкін
Әріптесін сабаған Мұхтар Тінекеев депутаттық  мандатынан айрылуы мүмкін

Әріптесін сабаған Мұхтар Тінекеев депутаттық мандатынан айрылуы мүмкін

Мұхтар Тінекеевтің аяқ асты жүрегі ұстап, ауруханаға түсті. Мәжіліс депутаты денсаулығының бұлай кенеттен сыр беруіне интернетте тарап кеткен видео себеп. Онда шулы мәлімдемелерімен танымал Тінікеев әріптесін оңдырмай ұрып жатыр.

-Неге кірмейсің?

-Кіресің бе, жоқ па?

-Ақша жоқ менде....

Міне, арақ толы үстел басында Тінекеевтен таяқ жеп жатқан Қарағанды қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевой. Бірақ соған қарамай стақан көтеріп, Мұхтар Тінекеевтің арқасында «депутат болғанын»  айтып жатыр. Ел алдында ұятқа қалған мәжілісмен іле-шала видеодағы көрініс «қалжың» деп ақталғанымен, Николай Полевой : «бұл екеуміздің арамыздағы отбасылық әңгіме, бәріне өзім кінәлімін» деп отыр. Бір қызығы, бала кезден бірге өскен  достардың неге шекісіп қалғаны, таспада Тінекеевтің неліктен ақша сұрап отырғаны белгісіз. Бұны түсіндіруі тиіс мәжілісмен тілшілерден қашып, бүгін тіпті ауруханаға жатып алды. Бірақ Мұхтар Тінекеевтің тәртібін енді Мәжілістің этика жөніндегі комитеті қарамақ. Егер бұл қылығы тұтас Парламенттің беделіне нұқсан келтіреді деп танылса, Тінекеев мандатынан айрылуы әбден мүмкін.

Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаты:

-Жайлап айтыңдар. Сіздер сияқты,біз де көрдік видеоны. Қайсысының өсек, ненің шын екенін, қайсысының әзіл екенін анықтайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.