{metadescription}
Терактіден қорыққан отандастарымыз Түркияға барып демалудан  жаппай бас тартып жатыр
Терактіден қорыққан отандастарымыз Түркияға барып демалудан  жаппай бас тартып жатыр

Терактіден қорыққан отандастарымыз Түркияға барып демалудан жаппай бас тартып жатыр

Еуропада, әсіресе, Түркияда жиілеген терактілер қазақстандық туристердің бағытын Азияға бұрды. Жаңа жыл мерекесін жылда Жерорта теңізінің жағалауында атап жүргендер биыл ол ойларынан айныған. Енді көбі Оңтүстік Азия елдерін таңдап жатыр екен. Десе де, қыста аралдарға барып демалатындардың жалпы саны едәуір аз. Теңгенің құлдырауы қалталы туристердің өзіне ауыр тиген сыңайлы. Жаңа жыл мерекесінде қазақтар қай туристік бағытқа басымдық беріп жатыр?

Түркиядағы демалыстың бағасы тағы да төмендей түсті! Туристік агенттіктер осылай деп жар салып жатқанымен, әзірге онда баратындар саны айтарлықтай азайған. Оқыс оқиғалардан қорыққан жұрт, тіпті, алдын-ала алып қойған Жаңа жылдық жолдамаларын да қайтарып жатыр екен.                 

Халида Садықова, туристік компания директоры:

-Әрине, лаңкестік әрекеттер кәсібіміздің берекесін қашырды. Жаңа жылды Ыстамбұлда қарсы алуға ниеттенген туристер билеттерін жаппай қайтарып жатыр. Былтыр Мысырға сатқан жолдамаларымыз да кері қайтқан. Енді шығындарымызды Азия елдеріне қарай сатқан билеттермен жабуға тырысамыз.

Тек Түркия ғана емес, жалпы Еуропаға сұраныс күрт төмендеген. Жаңа жыл мерекесін жат жұртта өткізіп үйренгендер жолдамаларын енді жаппай жылы жақа ауыстыруда. Атап айтқанда - Гоа, Оңтүстік-Шығыс Азия. Мәселен, биыл мың жарым адам Таиландты таңдаса, тағы мыңнан астамы тауық жылын Мысырда қарсы алмақшы. 

Әсел Нүркебаева, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының президенті:

-Кейде тіпті желтоқсанның 30-31 күндері адамдар хабарласып жатады. Басында Түркияны анағұрлым арзан деп таңдайтын еді, ал қазір Үнді мұхитының жағалауы мен Индонезия аралдарына сұраныс көбейіп тұр. 

Дегенмен, тек лаңкестік емес, теңгенің құлдырауы да көп туристерге тұсау салған. Мәселен, Арктикадан басқа барлық жерде болған Олжас биыл шетелге бармайтын болып шешіпті. Өйткені, қалтасы көтермейді.

Олжас Серікұлы:

- Ұшақтардың өзі қымбатқа соқты.  Мүмкін теңгеміз орнына қайта келсе, келесі жылды шетелде қарсы аламыз деген ойымыз бар. 

Одан қалды, биыл жолдамалардың бағасы кей жерлерге екі есе қымбаттай түсті дейді саяхатшы. Ең арзан дегені – 200 мың теңгеден басталады. Оның өзі небәрі бірер күнге. Соның салдарынан туристер де «талтаңдауын» қойып, Жаңа жылды өз үйлерінде қарсы алуға бел буып отыр.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.