Петропавлда ауру балаға жиналып жатқан ақшаны жәшігімен қымқырған ұры ұсталды
18 жастағы күдікті осы науқас сәбидің ауылдасы болып шықты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
22.12.2016
Тәртіп сақшылары сұғанақты бір аптадай іздеді. Сөйтсе, ол қалаға іргелес Бескөл ауылының тұрғыны екен. Жәшікте небәрі екі жарым мың теңге болды деген бозбала ақшаны тәттімен шырынға жұмсапты. Еске салсақ, қайырымдылық жәшігінің ұрланғаны туралы біз алдыңғы күні хабарлағанбыз. Арнайы жәшік туа бітті кемістігі бар екі жасар Саша Баториннің отасына қажет қаржыны жинау үшін қойылған. Арам пиғылын жүзеге асырып жатқан сәтінде бақылау камерасына түсіп қалған ұрының әйелі мен төрт айлық баласы да бар екен. Енді ол жақындарын 3 жыл көре алмауы мүмкін.
-Кешіріңіздерші...
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!