Шымкентте жойқын жарылыстан көз жұмғандардың саны артты
Шымкентте май шығаратын зауыт ішінде болған жарылыстан күйік шалған тағы бір жұмысшы көз жұмды. Марқұм кеше денесінің 95 пайызы күйіп, ауруханаға түскен.
Автор: Бек Әбиев
22.12.2016
49 жастағы азамат – апатқа кінәлі КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі. Енді тағы бір жұмысшы ауруханада жатыр. Айта кетейік, өндіріс орнындағы апат сейсенбі күні кешке, қала сыртындағы индустриалдық аймақта болған еді. Зауыт өнімін әкетуге келген КамАЗ отқа оранған. Бұл кезде көлік маңында 2 жұмысшы мен жүк көлігінің жүргізушісі болыпты. Жарылыс салдарынан 25 жастағы жігіт сол жерде жантәсілім етсе, қалған екеуі ауыр хәлде ауруханада түскен. Жарылыстың шығу себептері анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!