{metadescription}
Көп күттірген «Ёлки-5» экранға шықты
Көп күттірген «Ёлки-5» экранға шықты

Көп күттірген «Ёлки-5» экранға шықты

Тимур Бекмамбетовтың кезекті керемет киносы! Танымал режиссер Жаңа жылға тарту ретінде шығарған жаңа туындысын көруге шақырады. Фильм «Ёлки-5» деп аталады. Әйгілі комедия бұл жолы 8 бірдей кейіпкердің басынан өткерген қызықты оқиғалары жайлы болмақ. Бірі – Жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда жоғалтып алған ғашығын қайтаруға талпынса, енді бірі – тағдырын түбегейлі өзгертуге асығады. Ал оларға кәдімгі пингвин көмектеседі.  

Ресейлік қос әзілкеш биыл да көрермендерін тағы бір тамаша комедиямен қуантпақ. Жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда екі дос күтпеген қызыққа тап болады. Бірі – пингвинді, енді бірі –әйелін жоғалтып алады.

-Сегодня Новый год, ты бы сходил извинился бы перед Ольгой и все. Она же тебя любит!

Әйгілі комедияның кезекті бөлімінде 8 бірдей кейіпкердің басынан өткерген қызықты жайттары баяндалады. Бәрі де Жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда сергелдеңге түскен. Бірі – қызғаныштың құрбаны болса, енді бірі – аяқасты ұрыға айналады.8 түрлі новелла болғанымен, бұл кейіпкерлерді бір нәрсе байланыстырады. Олар Жаңа жылдағы ғажайыпқа сенеді. Ендеше тосын жайттардың немен біткенін білгіңіз келсе, кинотеатрларға асығыңыз. Картинаны бүгіннен бастап «Базелевс» студиясының ресми дистрибьюторы – «Меломан» компаниясы көрсетіп жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде