{metadescription}
Алматы облысында жоғалған жеке кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығына наразылық білдірді
Алматы облысында жоғалған жеке кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығына наразылық білдірді

Алматы облысында жоғалған жеке кәсіпкердің туыстары полицияның сылбырлығына наразылық білдірді

Алматы облысында апталдай азамат із-түзсіз жоғалып кетті. 39 жастағы Валерий Харлановты туыстары 20 күннен бері іздеп жатыр. Бірақ базарда қосалқы бөлшектер сатумен айналысқан одан әлі күнге хабар жоқ. Валерийдің туыстары тіпті тәртіп сақшыларына қастандық қылуы мүмкін азаматтардың да аты-жөнін айтып беріпті. Соған қарамастан полицейлер дәрменсіздік танытуда дейді жоғалған азаматтың жақындары.

Алматыдағы базарлардың бірінде көліктің қосалқы бөлшектерін сатумен айналысатын Валерий Харлановты соңғы рет 5-ші желтоқсан күні көршілері көрген екен. Қапшағай маңындағы саяжайда тұратын саудагерді содан бері туыстары таба алмай шарқ ұруда. 

Кристина Харланова, В. Харлановтың қызы:

-Әкемнің жоғалғаны туралы әжемнен естідім. Ол маған хабарласып: «Валерий бірнеше күннен бері байланысқа шықпай жатыр» деді. Сосын мен базарға бардым. Ол жердегі сатушылар да әкемнің көптен бері жұмысқа келмей жүргенін айтты.  

Осыдан кейін туыстары Валерий Харлановты саяжайдағы үйіне іздеп барған. Ол жерден де таппапты. Есесіне күнделікті мініп жүрген көлігі есік алдында ашық-шашық жатыр дейді. Ал ішінде шашыраған қан іздері болған. Осыған қарап Валерийдің ағасы оны біреулер ұрып-соғып, күшпен басқа бір жаққа алып кетуі мүмкін деп алаңдап отыр. 

Александр Бачеров, В. Харлановтың ағасы:

-Көліктің ішінде құжаттары жатыр. Артқы орындығы мен әйнектері қан-жоса болған. Валерий бұған дейін басқа бір әйелмен бірге тұратын еді. «Сол келіншек ақшамды ұрлады, контейнерден заттарым жоғалды» деп айтатын. Менің ойымша, өзімен бірге тұрған әйел бауырыма қастандық жасауы мүмкін.

Валерий Харлановты еркітілер тобы да іздеп жатыр. Олар Қапшағай, Алматы қалаларына суреттер іліп, барлық ауруханалар мен мәйітханаларды тексеріп шыққан. Ал полицейлер жоғалған азаматтың таныстары мен соңғы уақытта байланыста болғандардың барлығын тергеп жатырмыз дейді.

Айман Мырзекова, Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Валерий Харлановты полиция қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оның барлық достары, таныстары, көршілері іздестіруге көмектесіп, сонымен қатар сұралып жатыр. Бұл іс ІІД басшылығының қарауында. 

Сондай-ақ, сақшылар көлік ішіне шашыраған қан іздерінен де сынама алыпты. Бірақ оның қорытындысы әлі дайын емес. Сондықтан ұшты-күйлі жоғалған азаматтың ізіне түсуге ілік таппай отыр екен.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде