«Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары Иракта мұнай көздерін өртеп жіберді
АҚШ әскерімен соғысып жатқан олар кері шегіне бастаған соң, қара алтын өндірісіне шетінен от қойыпты.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.12.2016
Жеті бірдей мұнай бұрғылау орнында тұтанған алапат өрттен аспанды түгел қара түтін басқан. Кей жерлерде тіпті күннің көзі көрінбейді. Лаңкестер төбедегі ұшақтарға көрінбес үшін әдейі осылай өрт қойып отыр екен. Ауаны ластаған қара түтін сол маңдағы Каяра қаласының тұрғындарына да экологиялық қауіп төндіруде. Егер бұл мұнай көздері биліктің қолына өтетін болса, ел қазынасына миллиондаған доллар кіріс түсіретіндей мүмкіндігі бар екен. Қазір өрт сөндіру қызметі қызыл жалынды өшіріп үлгермей жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!