Ливияда жолаушылар ұшағын лаңкестер басып алды
Ливияда бортында 118 адамы бар ұшақты екі қаскөй кепілге алды.Сөйтіп, Сабха қаласынан Триполиге бет алған әуе кемесі шұғыл бағытын өзгертіп, Мальтаға қонуға мәжбүр болған.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.12.2016
Ливиялық әуе компаниясына тиесілі «Эйрбас A320-ның» бортында 7 экипаж мүшесі мен 111 жолаушы бар. Ал оны кепілге алған белгісіз екеу жарып жібереміз деп қорқытып отыр екен. Бірақ олардың нені талап ететіні әзірге беймәлім. Өйткені әлгілер өздерінің не қалайтынын әзірге айтпай отыр. Тек белгілісі, бүлікшілердің бірі Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің жақтасы болып шығыпты. Мальтаға бағыт алған өзге ұшақтар қауіпсіздік үшін басқа әуежайларға қонып жатыр. Ал екі бүлікшімен әлі ешкім келісімге келе алар емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!