{metadescription}
 Оңтүстік Қазақстанда тері ауруы қайта  өршіді
 Оңтүстік Қазақстанда тері ауруы қайта  өршіді

Оңтүстік Қазақстанда тері ауруы қайта өршіді

Бірнеше күн бұрын ғана күнгейде лейшманиозбен ауыратындар саны бар-жоғы 53 деген мамандар енді 124 науқастың барын айтып отыр. Мұнша науқасты дәрігерлер мен санэпидемиологтар ауыл-ауылды аралап жүріп анықтапты.

Қарлығаш Төлендиева, ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

- Олар медициналық көмекке жүгінбеген.  Өздері ем жасаған. Болмаса емшіге барған. Асқынған  соң барып медициналық көмекке жүгінген.

Бұған дейін Шардара су қоймасы мен Қызылорда облысы аралығындағы Сырдарияның бойында орналасқан ауылдарда лейшманиозбен ауырып жатқандардың күрт көбейгені туралы хабарлағанбыз. Алғашында бұл жәй дақпырт деген шенеуніктер енді тері дертіне шалдыққандар санының 100-ден асқанын мойындап отыр. Алайда жұртты бұл індет емес деп жұбатуда. Ал лейшманиозбен ауыратындардың күрт көбеюін аймақта құмтышқандар санының артып кеткенімен түсіндіреді. Адамнан адамға бұл дерт жұқпайды деген СЭС мамандары енді осы ауруға қатысты Сырдария бойындағы ауылдарда дәрілеу жұмыстарын күшейттік деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде