{metadescription}
Алматы облысында қызметкерлерінің сыйақысын өз атына жазған басшы шатылып жатыр
Алматы облысында қызметкерлерінің сыйақысын өз атына жазған басшы шатылып жатыр

Алматы облысында қызметкерлерінің сыйақысын өз атына жазған басшы шатылып жатыр

Алматы облысындағы мүгедек балаларды бейімдеу орталығы басшысының басы дауға қалды. Ол қарамағындағы қызметкерлеріне себепсіз сыйақы тағайындап, оны өз қалтасына басып отырған.

Ермек Сұлтанқұлов, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі:

-Сеніп тапсырған мүлікті иемденіп немесе өзіне жаратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Директор Нұрғалиева қызметкерлерінің өтініші негізінде сыйақы тағайындаған. Бірақ онысы жалған болып отыр.

 «Үміт» орталығы басшысының осындай жолмен қалтасына басқаны қазір 3 миллион теңгеге жеткен. Тексерушілерге жауап берген қызметкерлердің бір де бірі сыйақы сұрап өтініш жазбағандарын айтады. Әйтсе де, директор Шолпан Нұрғалиева өзіне таққан кінәні мойындамай отыр. Ол қарамағындағылардың қаржысына қол тигізбедім деп ант-су ішуде. Тіпті жала жапқаны үшін прокурорларды сотқа сүйреймін деп сес көрсетті.  

Шолпан Нұрғалиева, «Үміт» мүгедек балаларды бейімдеу орталығының директоры:

-Ауданда менің мекемемді ғана бөле-жара тексергеніне түсінбей отырмын. Басқалардың қаржысын неге түгендемеген? Мен қызметкерлерімнің банк карталарына түскен ақшаны ала алмаймын. Кез-келген адам банк картасын өзге біреуге беріп қоймайды ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.