{metadescription}
Ресейде теңізге құлаған ұшақ жолаушыларының денесін  табу құтқарушыларға қиындық туғызуда
Ресейде теңізге құлаған ұшақ жолаушыларының денесін  табу құтқарушыларға қиындық туғызуда

Ресейде теңізге құлаған ұшақ жолаушыларының денесін табу құтқарушыларға қиындық туғызуда

Ресейлік Ту-154-тің апатқа ұшырауына лаңкестік себеп болуы мүмкін. Қазір Қара теңізде болған қайғылы оқиғаға байланысты түрлі болжамдар айтылуда. Сарапшылардың көбі әдейі ұйымдастырылған деп отыр. Дегенмен, әзірге апаттың нақты неден болғаны белгісіз. Оған сапасыз жанармай, ұшақтан шыққан ақау мен экипаждың қателігі де себеп болған деген де болжам бар. Ту-154-тегі қара жәшік әлі табылған жоқ. Ал құтқарушылар теңізден 11 адамның сүйегі мен ұшақтың 150-ден аса бөлшегін алып шыққан. Оқиға орнындағы іздеу шаралары жалғасуда.

Қара теңізде 4 мыңға жуық құтқарушы күні-түні жұмыс істеуде. Іздеу шараларына жүздеген техника жұмылдырылған. Алайда уақыт өткен сайын борттағы адамдардың денесі мен Ту-154-ті табу қиынға соғып барады. Себебі, ұшақ бөлшектері апаттан кейін 1 жарым шақырымға дейін шашылған. Әрі олар ашық теңізге кетіп қалуы да мүмкін. Құтқарушылар әзірге 11 адамның сүйегі мен 150-ден аса ұшақ бөлшектерін тапқан. Бүгін олар Сочиден Мәскеуге жеткізілді. Енді, марқұмдардың денесі мен Ресейдің Қорғаныс министрлігіне тиесілі ұшақ қалдықтары сараптамаға жіберілмек.

 

Павел Попов, Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Ұшақ бортында болған жолаушылардың жақындарымен байланыс орнатылды. Қазір олармен арнайы мамандар жұмыс істеуде. Қара жамылғандар әсіресе психологтардың көмегіне мұқтаж.

 

92 адамның өмірін жалмаған апат себебі әзірге белгісіз. Қара теңіздегі қара жәшікті де, табу мүмкін болмай отыр. Дегенмен, қайғылы жағдайға қатысты түрлі болжамдар айтылуда. Көпшілік оны қасақана ұйымдастырылған лаңкестікке балады. Апатқа техникалық ақау мен экипаж қателігі де, себеп болуы мүмкін. Тіпті, кейбірі кінәні сапасыз жанармайға таққан. Алайда бүгін Ту-154-ке құйылған сұйық отын жіті тексеріліп, одан ешқандай кінәрат жоқ екені анықталды.Әуе кемесінің өзі де тым ескі болған. Ол 33 жыл бұрын пайдалануға беріліпті. 2014 жылы жөндеуден өткен екен. Ал 3 ай бұрын жоспарлы техникалық тексеру жасалған. Экипажға да, биліктегілер кінә артқысы жоқ.

 

Игорь Конашенков, Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі:

- Ту-154 әуе кемесін тәжірибелі маман басқарды. Роман Волков бірінші санаттағы ұшқыш. Ол әуеде 3 жарым мың сағаттық жолды жүріп өткен.

 

Ресей ұшағы жексенбіге қараған түні Мәскеу түбіндегі әуежайдан көкке көтерілген. Сөйтіп, жолшыбай Сочиге аялдап, жанармай құйып болысымен, Сирияға жетуі тиіс еді. Бірақ Адлер әуежайынан ұшқан кеме 2 минут өтпей радардан жоғалған. Сөйтіп, 7 минуттан кейін Қара теңізге құлапты. Ұшақта 8 экипаж мүшесінен бөлек, 84 жолаушы болған. Олардың көбі әртістер мен журналистер. Осы оқиғадан кейін бүгін Ресейде жалпыұлттық қаралы күн жарияланды. Жұрт алаңдарға шығып, марқұмдарды аза тұтуда. Отандастарымыз да кешеден бері Ресейдің еліміздегі консулдықтарына ағылып жатыр.

 

Ирина Переверзева, Ресейдің Алматы қаласындағы консулы:  

-Апат туралы хабар келгеннен-ақ, жан-жақтан хабарласа бастады. Қазақстандықтар консулдыққа көптеп келді. Жұрт Ресеймен бірге қайғыруда. Алғыс айтамыз.
 

Бір сәтте 92 азаматынан айырылған Ресейдің қайғысына күллі әлем  ортақтасуда. Петерборға сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.